Бас жаңалықтар
Үндістанда ковидпен байланысты ахуал әлі күрделі
15 Мамыр 2021, 23:45 303

Үндістанда ковидпен байланысты ахуал әлі күрделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда эпидемиологиялық ахуал әлі күрделі. Соңғы бір күнде 326 мыңнан астам адам вирус жұқтырып алған. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Дерттен қайтыс болғандар қарасы да 4 мыңнан азаймай тұр. Дегенмен, билік қатаң карантиннің арқасында індет қатты өршіген Махараштра штатында жағдай тұрақталып келеді. Нью-Делиде де вирус жұқтырғандар қарасы 40 процентке азайған. Бірақ бүкіл ел аумағында ахуал жақсармай тұр. Ауруханаларда дәрі-дәрмекпен бірге вакцина да жетіспей жатыр. 

Базарда адам қарасы көп. Қайда барсаң да тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтамайды. Бетперде тағуға немқұрайлы қарайды. Індет осындайдан өршімей ме? – дейді саудагер Нарендра Шривастава.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...