Үндістанда соңғы тәулікте 3780 адам коронавирустан көз жұмды

5 Мамыр 2021, 23:11
1210
Бөлісу:
Үндістанда соңғы тәулікте 3780 адам коронавирустан көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанда коронавирустан бір күнде қаза тапқандар саны бойынша жаңа жоғары көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды 24.kz.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл елде соңғы 24 сағатта 3780 адам көз жұмған.

Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы аптада әлемдегі 4 науқастың біреуі осы үнді елінде тіркелгенін айтады. Қазір елдегі жағдай өте қиын. Ауруханалар, мәйітханалар мен крематорийлер лық толы. Бұдан басқа оттегі, төсекорын мен медициналық құралдар жетіспей жатыр. Көптеген адамдар жедел жәрдем және басқа көліктердің ішінде көз жұмды.

Сарапшылар Үндістан індеттің өршуіне діни фестивальдар мен саяси шерулерге адамдардың көптеп қатысуы себеп деп айыптайды.

Науқастар өте көп. Күніне ең құрығанда 1 сағат тынығуға уақыт таппай жатырмыз. Коронавирус науқастарына арналған құралдарының шиқылдаған дыбыстары көзіміз ілініп кетсе де құлағымызда тұрады. Ата-анам «жағдайың қалай» деп сұрай береді. Оларға сыр білдірмей, өзмді жақсы жағынан көрсетіп, сабырлы жауап беруге тырысамын, – деген дәрігер Рохан Аггаруал.

Өзгелердің жаңалығы