Бас жаңалықтар
Ардагерлер ай сайын қанша теңге төлем алатыны белгілі болды
06 Мамыр 2021, 14:33 488

Ардагерлер ай сайын қанша теңге төлем алатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.

Бүгінде қарт адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен өзге де әлеуметтік төлемдер мөлшері артып келеді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы бойынша 5%-ға және ынтымақты зейнетақы бойынша 7%-ға, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша 5%-ға көбейді, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қабылданған шаралар халықаралық практикада жоғалған табыстардың орнын алмастыру бойынша қолданылатын стандарттан асып түсуге мүмкіндік берді. Бұл ҚР-да базалық және ынтымақтастық зейнетақы төлемдерінің есебінен шамамен 50%-ды құрады.

Өзге әлеуметтік төлемдерге қарамастан, азаматтардың 20 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алады, оның негізгі алушылары аға буын азаматтары. Атап айтқанда соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және басқалары, - деп Ерлан Әукенов атап өтті.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері:

- ҰОС қатысушылары үшін – 182 851 теңге;

- ҰОС мүгедектері үшін – 188 051 теңге;

- басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс ардагерлеріне (Ауғанстанда, Вьетнамда, Алжирде, Египетте, Иракта және т.б.) – 198 801 теңге;

- ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар үшін – 154 638 теңге;

– ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін - 119 562 теңге;

- ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне - 120 112 теңге.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыстың 665 ардагері және 113 555 соғыс мүгедектері мен Жеңіске жетуге үлес қосқан басқа да азаматтар өмір сүреді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...