«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының тізімі жарияланды

22 Маусым 2021, 19:22
1388
Бөлісу:
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық бәйгесі бесінші рет өткізіледі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды. 

Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, ал «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясы - биылғы байқаудың жаңа номинациясы. Журналистерден барлығы 340 жұмыс келсе, солардың ішінде ең көп өтінім «Жылдың үздік сұхбаты», «Жылдың үздік танымдық материалы» және «Жылдың үздік аналитикалық материалы» номинациялары бойынша келіп түсті. Құрамына беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады. 

Марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасының мүшелері Ұлттық бәйге номинанттарын жариялады, шорт-параққа 44 номинант енді:

Жылдың үздік фотосуреті:

Владислав Воднев, Sputnik Қазақстан порталы

Мақсат Шағырбаев, newsroom.kz порталы

Өмірбек Сансызбаев, Massaget.kz порталы

Алихан Сариев, Tengrinews.kz порталы

Жылдың үздік репортажы:

Дина Литпин, Adyrna порталы

Зарина Нокрабекова, «Казахстанская правда» республикалық газеті

Ануар Абдрахманов, BaigeNews.kz порталы

Ксения Воронина, Sputnik Қазақстан порталы

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Айбар Олжаев, Nege.kz порталы

Жолдыбай Базаров, «Егемен Қазақстан» газеті

Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы

Азамат Галеев, «Литер» газеті

Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Ермекбай Заңғыров, «Ана тілі» газеті 

Рысбек Қыдырбек, «Aiqyn» газеті

Дархан Нұрұмбетова, BaigeNews.kz порталы

Юрий Масанов, Александр Воротилов, «Курсив» газеті

Жылдың үздік сұхбаты:

Жасмин Ризабекова, STEPPE порталы

Тамара Вааль, Vlast.kz порталы

Әлия Тілеужанқызы, «Túrkistan» халықаралық газеті

Юлия Тен, BaigeNews.kz порталы

Жылдың үздік танымдық материалы:

Талғатжан Мұхаметбекұлы, «ҚазАқпарат» Халықаралық агенттігі

Өмірбек Сансызбаев, Massaget.kz порталы

Алтынбек Құмырзақұлы, «Қазақстан тарихы» интернет-жобасы

Мөлдір Мұқит, STEPPE порталы

Радиостанциядағы үздік жоба:

«Қайырлы таң, Қазақ елі» - «Қазақ» радиосы

«Новое утро» - «NS» радиосы

«Жамбыл жолы» - «Шалқар» радиосы

«Хроника Победы» - «Алау» радиосы

Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

іnbusiness.kz

informburo.kz

inform.kz

lsm.kz

Жылдың үздік газеті:

«Курсив»

«TÚRKISTAN»

«Оңтүстік Қазақстан»

«Деловой Казахстан»

Жылдың үздік журналы:

«Forbes Kazakhstan»

«Таң-Шолпан»

«Айгөлек»

«Ақиқат»

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал:

Риза Молдашева, «Семей таңы» газеті

Лэйла Тастанова, «Время» газеті

Альберт Ахметов, zakon.kz

Айгүл Бисембинова, «Вечерняя Астана» гезеті

«URKER-2021» Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 24 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесі қарсаңында белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа» орталығында өтеді. Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлығы табысталады.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін қазақстандық Ұлттық «URKER» сыйлығы талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.

Байқау ұйымдастырушылары - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Қазмедиа орталығы» БК. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.

Өзгелердің жаңалығы