Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 Желтоқсан 2020, 19:35
898
Бөлісу:
Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері үш өңірде қатты бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.

4 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) жаууы күтіледі. 3-5 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қаласында 3-5 желтоқсанда кей жерлерге тұман түсіп, 4-5 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

3-5 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

2-3 желтоқсан күндері Маңғыстау облысының солтүстігінде 20°С дейін қатты аяз күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.


Өзгелердің жаңалығы