Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды

12 Мамыр 2021, 15:29
5442
Бөлісу:
Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар аудандық сотында әуежай маңындағы жер телімдерін заңсыз сатқан шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты. 

2019 жылы желтоқсанда Алматы әуежайы маңында Bek Air ұшағының апатынан кейін әуежайға тым жақын орналасқан жер учаскелерінің заңдылығы тексерілген болатын. Тергеу барысында 5 шенеунік пен 1 риэлтор күдікке ілінген.

Олар: Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Рустам Тұрысбеков, Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығының Талғар аудандық бөлімінің бұрынғы басшысы Жарас Машимбаев және оның әріптестері: Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы басшысының міндетін атқарушы Медеу Қалыбеков, осы бөлімнің жерге орналастыру секторының басшысы міндетін атқарушы Берік Абдуллаев, Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Қайрат Алтынбекұлы, сондай-ақ делдал – риелтор Нұрайым Алданыш.

Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды

«Жер телімдерін заңсыз сатып, мемлекет меншігін талан-таражға салды» деп айыпталған аудан әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері бұған дейінгі сотта кінәларын мойындаған. Ал прокурор айыпталушыларды 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді. 

Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды

Сот үкімімен айыпталушылар 2,5 жылдан 4 жылға дейін сотталды.

Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды

Рустам Тұрысбеков - 4 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды және 7 жыл мемлекеттік қызметке жарамсыз деп танылды.

Жарас Машимбаев - 3 жыл шартты жаза.

Медеу Қалыбеков - 3 жыл шартты жаза.

Берік Абдуллаев - 3 шартты жаза кесілді.

Қайрат Алтынбекұлы - 3 жылға бас бостандығынан айырылды, 6 жыл мемлекеттік қызметте істей алмайды.

Нұрайым Алданыш - 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Ұшақ апаты. Жерді заңсыз сатқандар сотталды


Өзгелердің жаңалығы