Бас жаңалықтар
Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар жазаланды
05 Мамыр 2021, 22:30 370

Уылдырық шашу кезеңінде балық аулағандар жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында «Уылдырық-2021» акциясының іс-шара жоспары бекітілді. 

Қазір су маржандарының уылдырық шашатын мезгілі. Сондықтан балық аулауға тыйым салынған. Мәселен, облыс көлемінде Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамыр, Кiшi Арал теңiзiнде 1 мамырдан 10 маусым, басқа су айдындарында 20 сәуірден 10 маусым аралығында балық аулауға болмайды.


Акция басталғаннан бері 75 балық қорғау заңнамасының бұзушылығы анықталды. 61 әкімшілік айыппұл салынып, 14 әкімшілік іс бойынша тиісті шара көру үшін сот органдарына жолданды және 14 қылмыстық іс-қозғалды. Күшейтілген рейдтік жұмыстар жалғасуда, - деді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жанқожа Сапаров.

Айта кетсек, табиғат заңдылығын бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында инспекция 89 рейд, оның ішінде құзырлы органдарымен бірлескен іс-шараларға сәйкес 25 рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде 228 табиғат заңдылығын бұзушылық дерегі анықталған. 

Жыл басынан 212 хаттама толтырылып, оның ішінде 33 іс сот органдарына жолданды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...