Бас жаңалықтар
Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың қанша пайызы вакцинациялануы қажет?
23 Сәуiр 2021, 14:07 184

Ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін халықтың қанша пайызы вакцинациялануы қажет?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл жауап берді.

Оның айтуынша, елдегі халық санын ескерсек, коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін 10-11 млн адам вакцина алуы қажет.

Қазіргі уақытта елде жүкті әйелдер мен балаларға вакцина салынбайды, ол - шамамен алты миллион адам. Ал вакцинацияланатын негізгі контенгенттің 80 пайызын министрлік биыл вакцинамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Тағы бір айта кететін мәселе, денсаулығы мен жасы, статусы мүмкіндік беретін азаматтар вакцина алу арқылы тек өздерін емес, белгілі себептермен вакцина ала алмайтын қауіп тобындағы азаматтардың денсаулығын да қорғай алады. Өйткені елде вакцина алған адамдар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жұқтыру қаупі де төмен болады, - деп жауап берді сарапшы.

Бұған дейін елде отандық вакцинаны егу жұмыстары қашан басталатыны туралы жазған болатынбыз.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...