Вакцина алған адамға демалыс беріле ме? Еңбекмині жауап берді

15 Сәуір 2021, 18:10
4120
Бөлісу:
Вакцина алған адамға демалыс беріле ме? Еңбекмині жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов вакцина алған адамға бір күн демалыс күні беріле ме деген сауалға жауап берді.

Көптеген адам вакцинациядан кейінгі алғашқы күндері өзін нашар сезінеді. Заңнамада вакцинациядан кейін кем дегенде бір күн демалыс күнін алу қарастырылған ба? Егер жоқ болса, мұндай норманы енгізу жоспарланған ба деп журналист брифингте қатысушыларға сұрақ жолдады.

Қазір жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шара, өйткені кез келген кәсіпорынның, тіпті біздің ұйымның одан әрі қызметі вакцинацияланғандардың санына байланысты. Біз белсенді түрде екпе алудамыз және қызметкерлер жұмыс орнына қайта оралуда. Егер адам өзін нашар сезінсе және вакцинациядан кейін белгілер пайда болса, онда ол «больничный» аша алады, - деп атап өтті ол брифингте.

Оның сөзінше, салыстырмалы түрде өзін нашар сезінуі мүмкін азаматтар саны айтарлықтай көп емес.

Әр адамның организмі әр түрлі. Егер жанама әсерлер пайда болса, вакцинациядан кейін арнайы 30 минут уақыт бар, адам бақылауда болады. Егер жанама әсерлер болса, онда адам дәрігерге жүгіне алады. Егер ол дәрігерге жүгінсе және белгілері анықталса, сіз еңбекке жарамсыздық парағын аша аласыз. Мұның бәрі жеке қарастырылады. Менің ойымша, барлығына бірдей демалыс күнін бөлуді қарастыру мәселесі орынсыз, - деп түсіндірді Ержан Біржанов.
Еске салсақ, бұған дейін Біржанов есепшілер, жалақыны санайтын мамандар жойылып бара жатқан мамандықтарға жататынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы