Вакцинация. Неліктен елорда кестеден қалыс келеді?

21 Сәуір 2021, 17:19
2605
Бөлісу:
Вакцинация. Неліктен елорда кестеден қалыс келеді?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында медицина ғылымдарының кандидаты, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева жауап берді.

1 ақпанда басталған коронавирусқа қарсы вакцинация жұмыстарына ерекше назар аударылып келеді. Жұмыс күнделікті бақылауда. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бүгінде 100 егу пункті, қосымша 31 жылжымалы егу бригадасы ашылған. Екпе салу жұмыстары вакцинаның көлеміне қарай жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бастапқыда елорда бойынша күніне 100-150 адам егілген болса, қазір жұмыс өте қарқынды жүргізіліп жатқанын байқауға болады, бүгінде 4000-5000-ға дейін адамға екпе салынады, - деді ол.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлері тарапынан да ақпараттық жұмыстар жоспарлы түрде өткізіліп жатыр.

Айта кету керек, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мыңнан астам адамға дейін артқанын мәлімдеген болатын. Бүгінгі күні бірінші компонентпен 766 614 азамат, екінші компонентпен 126 500 азамат егілген.

Еске сала кетейік, Қазақстанның 10 өңірі «қызыл» аймақта, 4 өңір «сары» аймақта, тағы 3 аймақ «жасылда» тұр.

Өзгелердің жаңалығы