Бас жаңалықтар
Вакцинация өткізуде медмекемелердің дайындығы қандай? – Президент Цойға сұрақ қойды
26 Қаңтар 2021, 11:55 152

Вакцинация өткізуде медмекемелердің дайындығы қандай? – Президент Цойға сұрақ қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға коронавирусқа қарсы вакцинацияға дайындық барысы туралы сұрақ қойды.

Менің сауалым вакцинацияға байланысты. Өздеріңіз хабарлағандай, 1 ақпаннан бастап вакцинация басталады. Бұл өте маңызды жұмыс. Бұл жерде екі басты сұрақ бар. Біріншісі - вакцинация өткізудегі медициналық мекемелердің дайындығы және екіншісі - халықтың арасындағы түсіндіру жұмыстары. Денсаулық сақтау министрлігі мен тиісті ведомстволар осы мәселелер бойынша қандай жұмыстар атқарып жатыр?, – деп сұрақ қойды Президент Цойға.

Алексей Цой бұл сұрақ қазіргі кезде ерекше маңызды екенін айтты. 

Біз барлық медициналық ұйыммен оқыту жұмыстарын өткіздік. Осы мекемелердің бәрі вакцинацияға қатысты сауалдардың бәрін жинады. Мұздатқыш техникаларын қамтамасыз еттік. Температура режимінде 4-тен 8 градусқа дейін аталған логистикалық жүйе орнатылды. Қазір жұмыс істеп тұр. Бізге салқын ұстайтын техникалармен -20 градус форматында қамтамасыз ету де маңызды жұмыстың бірі болды. Өйткені салынатын бірінші вакцина ресейлік Спутник-V болады. Сонымен қатар, өңірлермен де тиісті жұмыстарды жүргіздік. Қосымша тоңазытқыштар сатып алдық. СҚ-Фармацияның өңірлердегі хабтарында аталған техникалар қазіргі күні бар. Оның жұмысы тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлерді оқыту үшін арнайы стандартты операциялық жүйелер мен вакцинаны қолданудың нұсқаулығын әзірледік. Одан бөлек БАҚ беттерінде вакцинаға қатысты жарияланатын арнайы ақпараттарды дайындап жатырмыз. Онда халық арасында вакцинаның маңыздылығы, пайдасы, көрсеткіштері туралы ақпараттық-түсіндерме материалдары болады, - деп есеп берді министр Цой.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...