Вакцинация туралы: Қайда бару керек, не істеу керек, нені білу керек?

10 Сәуір 2021, 10:38
5004
Бөлісу:
Вакцинация туралы: Қайда бару керек, не істеу керек, нені білу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біз вакцинацияға қалай жазылу керектігін, реакциялар қандай болуы мүмкін. Кімге вакцинациялауға болатындығын және кімге қарсы екенін тарқатып айтатын боламыз.

Дәрігерлер вакцинация мен ұжымдық иммунитетті қалыптастыру коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді жолы екенін айтады. Оны дамыту үшін елдегі ересек тұрғындардың кем дегенде 60% -ына вакцина салу керек. Елімізде атап айтқанда, Нұр-Сұлтан және Алматы секілді ірі қалаларда жаппай вакцинация басталғанына қарамастан, ауқымды қамту туралы айтуға әлі ерте. Дегенмен, егу пункттерінде кезек қалыптасып жатқанын байқауға болады. Бұл вирустың өршіп тұрған кезінде қауіпті екенін білеміз. 

Коронавирустың үшінші толқынының үдеп кетпеуі үшін 8 сәуірден бастап электрондық үкімет порталында вакцинацияға жазылу жаңа қызметі іске қосылды. Нұсқаулықта қалай өтініш беру керек, вакцинация алу үшін қайда бару керек, бұл қаншалықты қауіпсіз және вакцинациядан кейін не істеу керек екендігі егжей-тегжейлі сипатталған. 

№1. Мен коронавирусқа қарсы вакцина алғым келеді. Не істеу керек? 

Бірінші: Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. Сіз бірнеше жерде вакцина ала аласыз:
тұрғылықты жері бойынша емханада;
тұрғылықты жеріне тіркеусіз егу пунктінде.
Егу пункттері енді СОО-да және базарларда орналасқан. Бірақ ол жаққа бармас бұрын қоңырау шалып, вакцинаның бар-жоғын анықтап алғаныңыз жөн. 

Егер сіз емханада вакцина алғыңыз келсе, алдымен тіркелуіңіз керек: 

DamuMed мобильді қосымшасы арқылы: жеке кабинетте учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде мақсат-КВИ-ға қарсы екпе алу екенін көрсету; 

телефон арқылы; 

электрондық үкімет сайты арқылы. 

Учаскелік дәрігер пациентті вакцинация кестесіне қойғаннан кейін науқастың жеке нөміріне вакцинация күні, уақыты және орны көрсетілген SMS-хабарлама жіберіледі. Вакцина алуға барғанда өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып баруыңыз керек. 

№2. Елордада коронавирусқа қарсы вакцинацияны қайдан алуға болады? 

COVID-19 вакцинасын алуға болатын Нұр-Cұлтандағы емханалар мен ауруханаларының тізімі қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының сайтында жарияланған. Тізімде вакцинация туралы ақпаратты анықтауға болатын мекенжайлар, байланыс телефондары көрсетілген. 


№3. Алматыда коронавирусқа қарсы екпені қайдан алуға болады? 

Алматы қаласының қоғамдық Денсаулық басқармасы коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға болатын емханалардың, медициналық орталықтардың және басқа да ұйымдардың тізімін ұсынды. Тізімде вакцинация туралы ақпаратты анықтауға болатын мекенжайлар, байланыс телефондары көрсетілген. 


Бұдан басқа, 20 Сауда орталығы мен базарларда да егу пункттері ашылған. 

Алмалы ауданы: 

  • «Алмалы Атамекен» ХҚКО (Төлеби көш., 160, Әуэзов көш., қиылысы - 1-қабат)
  • «MEGA Park» ССО (Мақатаев көш., 127/1) 

Алатау ауданы: 

  • «Бакорда» СҮ (Рыскұлов даңғылы 103/21Б – 2-қабат – 4,5,6-бутик) 

Әуезов ауданы: 

  • «Спутник» ССО (Мамыр 1 ықшауд., 8а)
  • «GRAND PARK» ССО (Қабдолов көш., - 6 блок)
  • «Moskva Metropolitan» ССО (8 ықшауд, 37/1 – 2-қабат, фудкорт)
  • «Almaty Mall» ССО (Жандосов көш., 83 – 1-қабат, лифті жанында)
  • «Asia Park Almaty» ССО (Райымбек даңғылы, 514а - 1-қабат) 

Бостандық ауданы: 

  • MEGA Center Alma-Ata (Розыбакиев көш., 263, 247а – 1-қабат)
  • «ADK» СҮ (Сәтбаев көш., 90 – 2-қабат, фудкорт)
  • Esentai Mall ССО (Әл-Фараби даңғылы, 77/8 – 4-қабат)
  • «Галерея» ССО (Тимирязев көш., 42 – 1-қабат) 

Жетісу ауданы: 

  • «Алтын Тараз» СҮ (Абылайхан даңғылы, 3 үй, 1-қабат)
  • «Әдемі» СҮ (Рысқұлов даңғылы 101 – 3-қабат) 

Медеу ауданы: 

  • «Достық Плаза» ССО (Самал-2, 111 – 2-қабат)
  • «ГУМ» СҮ (Қонаев көш., 21 – 1-қабат)
  • «Көк базар» (Жібек Жолы даңғылы, 53 - 1-қабат) 

Түрксіб ауданы: 

  • «Түрксіб» базары (Сүінбай жақтан кіру, 3 қақпа)
  • «Жетісу-Семиречье» базары (2-қабат, сектор С, 4,5,6-бутик)
  • MART Village"ССО (Рихарда Зорге көш., 18 – 1-қабат, 32, 36-бутик) 

№4. EGov порталы арқылы вакцинацияға қалай жазылуға болады? 

Вакцинацияға жазылу үшін сізге не қажет: 

  электрондық үкімет порталында кіру;
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөліміне өту»;
өтінімді беру, онда тек тіркеу бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет (өтінім вакцинация жүргізу уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөлетін медициналық ұйымға қарауға түседі);
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет;
электрондық үкімет порталында медициналық ұйымға баратын күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны алу (қосымша SMS-хабарлама түседі). 

№5. Коронавирусқа қарсы кім вакцина алмайды? 

Егер сіз вакцинациядан бас тартсаңыз:
сіз 18 жасқа толмасаңыз;
сіз жүкті немесе бала емізіп жүрсеңіз;
Медициналық көрсеткішке байланысты;
сізде ұқсас компоненттері бар вакцинаның немесе вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық бар;
егер сізде сол кезде дене қызуы 37-ден жоғары болса;
сізде ЖРВИ белгілері болса немесе екі апта бұрын ауырған болсаңыз;
сізде өткір жұқпалы және жұқпалы емес аурулар болса.
сізде ауыр аллергиялық реакциялар болса. 

№6. Covid-19-бен ауырған адамдарға вакцинация қажет пе? 

Коронавируспен ауырып тұрғаннан кейін алты ай өткен соң, аурудың ауырлығына қарамастан, дәрігерлер вакцинацияны ұсынады. 

№7. Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін? 

Вакцинациядан кейінгі реакциялар жеңіл немесе орташа ауырлықта болады. Жеңіл түрі екі-үш күн ішінде өздігінен кетеді.
Жалпы қысқа мерзімді реакциялар болуы мүмкін:
қысқа тұмауға ұқсас синдром, ол қалтырау, температураның жоғарылауы;
миалгия (бұлшықет ауыруы);
артралгия (буындардың ауырсынуы).
Сонымен қатар, жергілікті реакциялар болуы мүмкін:
инъекция орнындағы ауырсыну;
гиперемия (қан айналым жүйесінің бір жерінде қанның толып, тұрып қалуы);
ісіну.
Егер денеңіз құрысып немесе дене қызуы 40 градустан жоғары болса дәрігерге хабарласу керек. 

№8. Вакцинациядан кейін иммунитет қашан қалыптасады? 

Бірінші дозаны енгізгеннен кейін 12-14 күн ішінде бастапқы иммунитет қалыптаса бастайды. Осы уақыт ішінде әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде киіп жүру керек. Егер сіз осы уақытта коронавирус жұқтырып алсаңыз, онда ауру асқынусыз жеңіл түрде жүреді. Сондықтан дәрігерлер вакцинацияның жағымсыз реакцияларға қарағанда пайдасы көп деп санайды.
32-ден 56 күнге дейін тұрақты иммунитет қалыптасады. 

№9. Вакцинациядан кейін не істеуге болмайды? 

Вакцинациядан кейін үш күн ішінде:
инъекция орнын суламаңыз;
моншаға, саунаға бармаңыз;
алкогольді ішпеңіз.
Ауыр нәрсе көтермеңіз. 

№10. Вакцинация туралы кеңесті қайдан алуға болады? 

Covid-19-ға қарсы вакцинация мәселелері бойынша кеңес алуға болатын call-орталықтардың нөмірлері: 

Нұр-Сұлтан-109, 1300;
Алматы – 1406;
Шымкент – 8 (7252) 39-33-47;
Ақмола облысы – 8 (7162) 55-14-14;
Ақтөбе облысы – 8 (7132) 90-66-06;
Алматы облысы – 8 (7282) 40-44-04;
Атырау облысы-8 (7122) 98-02-92;
Шығыс Қазақстан облысы-8 (7232) 70-11-31;
Семей – 8 (7222) 60-05-00;
Жамбыл облысы – 1302;
Батыс Қазақстан облысы-8 (7112) 24-00-06;
Қарағанды облысы – 8 (7142) 57-50-60;
Қостанай облысы – 8 (7142) 39-37-77;
Қызылорда облысы – 8 (7242) 40-00-01;
Маңғыстау облысы – 8 (7292) 30-30-60;
Павлодар облысы – 8 (7182) 67-52-08;
Солтүстік Қазақстан облысы-8 (7152) 62-57-75;
Түркістан облысы - 8 (7252) 39-31-60.
Іnformburo.kz сайтының мәліметінше, барлық сall-орталықтар тәулік бойы жұмыс істейді (Ақтөбе облысын қоспағанда – 8.00-ден 18.00-ге дейін).
 


Өзгелердің жаңалығы