Венгрияда автобус аударылып, бір адам мерт болды

9 Тамыз 2020, 21:29
1391
Бөлісу:
Венгрияда автобус аударылып, бір адам мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияда автобус аударылып, 1 адам қаза болып, 34 адам жарақат алды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА "Укринформға" сілтеме жасап хабарлайды. 

Жол апаты Кискунфелегаза қаласының маңындағы М5 автожолында болған. Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, апат болған кезде автобуста 2 жүргізуші мен 44 жолаушыны қоса алғанда, барлығы 46 адам болған. Автобустың алдыңғы жағында отырған 35 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды.

Венгриялық БАҚ-тың хабарлауынша, 3 адам ауыр жағдайда жатыр, оның біреуі - 5 жасар бала. Пал Дьерфидегі Ұлттық жедел жәрдем қызметінің өкілі берген ақпарат бойынша, венгриялық құтқарушылар оқиға орнына тікұшақтар мен 14 жедел жәрдем көлігін жіберген. Жол апатының себебі әзірге белгісіз.




Өзгелердің жаңалығы