Вице-министр виртуалды кеңесші бір жылда қанша адамға көмектескенін айтты

21 Ақпан 2020, 14:38
2179
Бөлісу:
Вице-министр виртуалды кеңесші бір жылда қанша адамға көмектескенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды кеңесші Ai.Dana жобасы іске қосылған болатын. 

Бүгін вице-министр Нариман Мұқышев ведомствоның виртуалды кеңесшісі Ai.Dana-ның бір жылда 12 мың адамға мемлекеттік қызмет көрсеткенін айтты. 

Халыққа жылдам ақыл-кеңес беру үшін өткен жылы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды кеңесші Ai.Dana жобасы іске қосылған. Ол министрліктің ресми сайтында, "enbek.kz" сайтында және Facebook мессенджерінде ақпарат беруге дайын. Бұл цифрландыру ағымы және онымен бетпе-бет келіп отырмыз. Жақында ғана отандық телеарналардың бірінде i-Sanj есімді виртуалды журналист таныстырылды. Енді біздің Айдана мен Айсанжды бір-бірімен таныстыруды ұсынып отырмын, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2019 жылы Ai.Dana 12 мың адамға қызмет көрсеткен. Яғни, call-орталыққа хабарласқан және жұмыспен қамту бөлімдеріне келген адамдардың сұрақтарына жауап берген. 

Биыл оның білім базасын толықтырып, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігімен толықтыру жоспарланып отыр, - деді Нариман Мұқышев.

Оның айтуынша, министрлік үшін әлеуметтік-еңбек саласындағы ахуалдың қандай екенін көру маңызды. 

Елімізде қанша зейнеткер бар, қанша адамның жәрдемақы алатыны туралы деректер қызықтырады. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпаратты көрсететін өзіміздің ситуациялық орталығымызды құрдық. Бұл жүйе бойынша өңірлермен тұрақты жұмыс істеп келеміз, - деп атап айтты вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде.
Өзгелердің жаңалығы