Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

10 Сәуір 2021, 19:20
3713
Бөлісу:
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу
EX PHOTO

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында қазақстандық вакцина әзірленді. Оның 50 мың дозасы 25 сәуірге дейін «СҚ-Фармация» қоймаларына жеткізіледі. Вирусолог мамандар вакцинаны қалай әзірленгенін тізбектеп түсіндіруді жөн көрдік.

Алдымен вакцинаны әзірлеген ғылым ошағы жайлы мәлімет берсек. Ғылыми-зерттеу институты Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Гвардейский кентінде орналасқан. Ол Қорғаныс министрлігінің Отар әскери базасының аймағына кіреді.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу 

Институт 1958 жылы құрылған. Оның қалыптасуы мен дамуы екі кезеңнен тұрады.

1992 жылға дейін институт КСРО АШМ құрамында болды. Қазір ол Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетіне қарайды.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтқандай, бүгінде зерттеу институтында 214 адам жұмыс істейді. 13 ғылыми лаборотория бар.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Институт жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 млн дозадан астам вакцина әзірлейді. Нысан жабық режимде жұмыс істейді. Себебі БҚПҒЗИ I-II деңгейдегі патогендік аса ауыр инфекциялармен жұмыс істеуге рұқсат алған. Институт жыл сайын әртүлі қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналардың 27 млн дозасын әзірлеп шығарады. Институттың әртүрлі отандық және халықаралық ұйымдарымен 23 келісімшарты бар, - дейді Закарья.
Вирусты «алып қашу» операциясы

Микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгершісі Қуандық Жүгінісов институт құрылғаннан бері инфекциялардың штамдарын сақтаумен айналысатынын айтты.

2020 жылы коронавирус анықталған кезде зертханаға көптеген құрал-жабдық алынды. Оның ішінде аса қауіпті аурулардың штамдарымен жұмыс істеуге алынған биологиялық үшінші деңгейдегі шкафтар мен вирусты кептіруге арналған құрал-жабдық сатып алынды. COVID-19-ға қарсы вакцинаны әзірлеуді біздің институт әлем елдеріне қарағанда кеш бастады. Егер бізде штамм болғанда вакцина жасауға бірден кірісетін едік, - дейді Жүгінісов.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Маман айтқандай, былтыр барлығы карантинге жабылып, ел «соғыс жағдайында» өмір сүруге көшкенде, ол Алматыға барып биоматериалды институтқа өзі жеткізген.

Індет пайда болғанда бізге вакцина әзірлеу тапсырмасы берілді. Ал біздің қолымызда штамм болған жоқ. Сол күні түнгі 2-де зертхана директоры хабарласып, Алматыға барып, штамм бөлу үшін клиникалық материалдар алып келуім қажет екенін айтты. Сол мезетте өзімді соғыс жағдайында тұрғандай сезіндім. Себебі ол үлкен жауапкершілік еді, - дейді Қуандық Жүгінісов.
Ол сол кездегі қаланың жабық, ығы-жығы болып жатқан қозғалыстан ештеңе қалмағанын айтты.
Біз әрі-бері жүріп, қаланың блок-бекетінен өтіп, клиникалық материалға қол жеткіздік. Ауырған адамдардың мұрнынан, аузынан алынған вирусы бар материалды жинадық. Оны тасымалдау бойынша халықаралық талаптар бар. Біз сол бойынша оны институтқа жеткіздік, ал комиссия қабылдап алды. Штамды бөліп алу үшін патологиялық материалды ашу керек. Бұрын-соңды ондай жағдайды көрмеген едік. Неше түрлі ой келді, біз үшін ол жарылатын бомбадай көрінді. Оны жұқтырып алуымыз да мүмкін еді. BSL-3 зертханасында биологиялық материалды бөліп алдық, - дейді Қуандық Жүгінісов.
Вирусты баптау

Вакцинаны әзірлеудің алғашқы кезеңі – вирус жасушасын көбейту.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Бұл лабораторияға кіру үшін арнайы қорғаныш киімін міндетті түрде кию керек. Ал нысан зертханалар арасындағы ең қауіпсізі екенін ескерткен жөн.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Жасушалар биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі Азиз Наханов вакцина жасаудың алғашқы кезеңімен таныстырды.

Біздің институтта әзірленетін барлық вакцина жасушалы биотехнология зертханасында әзірленеді. Оның ішінде коронавирусқа қарсы вакцина да бар. Бұл лабораторияда вирустың жасушасын көбейту жүзеге асырылады. «Верос» WHO жасушасы вакцинаға қосуға арналған әлем бойынша дұрыс деп табылған материал. Вирус жасушаларын өсіретін арнайы бокстар бар. Жасушаны өсіру үшін +37 градус қажет. Сондықтан бөлменің ауа температурасы үнемі ыстық болып тұрады, - деді ол.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Зертхананың меңгерушісі атағандай, жасуша Африкадағы маймылдың бүйрегінен алынған.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Оларды ыдыратып, бөліп сақтау жүзеге асырылады. Олар сұйық азоттың ішінде тұрса, жылдар бойы өлмейді. Вирустар өзге микробтар мен бактериялар сияқты кез келген денеде өспейді. Оларға тірі организм керек. Қазір заманауи қондырғылар алып жатырмыз. Жасушалар санын көбейту үшін арнайы құралдар бар, - деді Әзиз Наханов.
Маманның айтуынша, бұл жасушалар нарықта сатылады. Оның құны 600-700 еуроны құрайды.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу
Алайда Қазақстанға бұл жасуша тегін келді. Себебі біз осыған дейін тұмауға қарсы вакцина әзірледік. Вакцина әзірлейтін ұйымдарға бұл жасуша тегін әрі қайтарымсыз келеді, - деді ол.
Жануарларды «сынау»

Технологияларды және биопрепараттарды бақылау зертханасының меңгерушісі Айнұр Нұрпейісова елімізде пандемия жарияланған соң ғалымдар алғашқы инактивтелген қазақстандық вакцинаны әзірлегенін айтты.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Ол әзірленген соң дайын вакцинаның тәжірибелік сериясын осы ғылыми-тәжірибелік клиникаға сынақ жүргізуге алып келді. Яғни адамдарға дейінгі зерттеу сынақтары жануарларға жүргізілді. Олар: ақ тышқандар, атжалмандар, егеуқұйрық, макак-резус маймылдары. Осы клиникада әзірленген вакцинаның қауіпсіздігін тексеру керек. Себебі ол - жаңа вакцина. Біз оны атжалмандар мен ақ тышқандарға енгіздік. Оларды 14 күн бойы бақылауда ұстадық. Олар тірі болған соң, адам организміне жақындау деген макакаларға иммуногендігін тексердік, - деді ол.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Нұрпейісова айтқандай, одан кейінгі нәтижелер бойынша Денсаулық сақтау минимстрлігіне қарасты Ұлттық дәрілік зерттеуді сараптау зертханасы зерттеуді жалғастырды.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Олар бір адамға 0,5 мл доза енгізу керек болса, одан он есе көп дозаны тышқандар мен атжалмандарға екті. Ол вакцинаның қауіпсіздігін тексеру үшін жүзеге асырылды. Оның нәтижесі бойынша да жануарлар тірі қалды. Жағдайлары жақсы болды. Әрине вакцина организмге таныс емес болғандықтан, алғашқы 3 күнде мазасыздық байқалды. Салмақтары азайды. Бірақ 14 күн ішінде олар қалпына қайта келді. Содан кейін вакцина жаппай өндіріске шығаруға жіберілді, - деді ол.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Маман айтқандай, вакцина енгізілген макак-резус бақылауда тұр.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Әр ай сайын олардан қан-су сынағы алынады. Антиденелер тексеріледі. Олардың бір жылғы иммунитетінің сақталуы тексеріліп жатыр. Бүгінгі таңдағы нәтижелер бойынша 8 ай бойы антиденелер саны әлі қалыпты деңгейде сақталған. Вакцина екі компонентті болғандықтан, жануарлардың барлығына 21 күндесін екінші вакцина салынды, - деді ол.
Штамдардың шырмауығы

Ұжымдық пайдалану лабораториясының меңгерушісі Ербол Құрашев SARS-CoV-2-нің молекулярлық-гигиеналық қасиеттері қалай зерттелетінін айтты.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Сенкринат қондырғысында болуы мүмкін SARS-CoV-2 геномдық өзгерістері зерттеледі. Жақында алматылық республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен сынақтар жеткізілді. Зерттеу барысында британиялық типке ұқсас мутация анықталды. Қазақстанда британиялық тип айналымда екенін айтуға болады. Бірақ зерттеу жалғасып жатыр. Оның нәтижесінде оңтүстікафрикалық штамм да анықталуы мүмкін, - деді ол.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Құрашев арнайы қондырғы бір мезетта 70-тен астам штаммды зерттеуге мүмкіндік беретінін айтты.

Егер біз осыған дейін мұндай зерттеуге 3 ай жұмсасақ, қазір бұл қондырғы 3 күннің ішінде зерттеу мәліметтерін анықтап береді. Қазіргі таңда молекулярлық-эпидемиология деген бағыт бар. Ол бойынша біз айналымдағы штамдардың өзге модификацияларын анықтаймыз. Егер біз британиялық штамды анықтасақ, ол өлімге алып келетін қауіпті штамм деген сөз емес. Ол тек адамдар арасында тез таралуы мүмкін, - деді Ербол Құрашев.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Ғалым атағандай, тұмау вирусының моделі коронавирусқа өте ұқсас.

Коронавирус РНҚ-сы бар вирустар сияқты мутацияға ұшырайды. Ол өзгеріске ұшырауы мүмкін. Алайда түбегейлі өзгерістер болмайды. Вакцина оған төтеп бере алады. Бізге түскен барлық 10 штамм британиялық типке ұқсас болып шықты. Қалған 10 сынақта басқа штаммдар да шығуы мүмкін, - деді Құрашев.
Вирустан шыққан вакцина

Осы кезеңдерден кейін QazCovid-in қазақстандық вакцинасы әзірленді.

Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Вакцина әзірлеушілерінің бірі, профессор Леспек Құтымбетов вакцина BSL-3 зертханасында дайындалғанын айтты.

Бұл аса қауіпті инфекциялар зертханасы болып табылады. Бұл - қызметкерлерге індетті жұқтырмау мүмкіндігі бойынша жұмыс істеуге рұқсат беретін үшінші деңгейдегі қауіпсіздік нысаны. Вакцинаның тиімділігі жоғары әрі қауіпсіз болып табылады. Вакцина ектірген адамдардың иммунитеті төмен болып жұқтырған жағдайда да ауру жеңіл түрде өтеді. Қазір оның тиімділігі 98 пайызды құрайды, - деді Құтымбетов.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

Ол атағандай, вакцина әзірленген соң 8 адам оны бірден ектірген.

Вакцинаны жалғыз адам емес, бір топ болып жасадық. Олардың барлығы шілде айында вакцинаны ектірді. Алғашқы күндері еккен жердің кішкене іскені байқалды. Алайда қазір жағдайымыз жақсы. Вакцина өмір бойына адамдарды қорғай алмайды. Жақсы дегенде 1-2 жыл қорғайды. Коронавирусқа қарсы вакцина да солай. Бізде әлі де иммунитет сақталған. Вакцина ектіргенімізге 8 ай болды, әлі де антидене бар, - деді ол.
Вирустан вакцинаға дейінгі тар жол, тайғақ кешу

P.S. Байқағаныңыздай, қазақстандық вакцинаны әзірлеу үшін білікті мамандар тәулік бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қазақстандық ғылымның жеңісі отандық вакцина әзірленді. Осыдан сайып келе елімізде ғылым дамымаған деп айтуға бола ма? Әрине, жоқ. Тек ғылымға көрсетілетін қолдау ақсап тұр. Себебі институтта жұмыс істейтін ғалымдардың жағдайы жасалмаған. Ал ғылыми қызметкерлер осы салаға өмірінің басым бөлігін арнаған. Олар 2 сағаттық жұмыс істеуге рұқсаты бар нысанда 20 сағат жұмыс істеуге мәжбүр. Өйткені маман тапшы. Жастарды бұл жаққа тарту қиын. Жағдай жоқ. Олар Қорғаныс министрлігінің жатақханаларында тұрады. Институт қызметкерлеріне әскери қалашықтан арнайы пәтер қарастырылмаған. Биыл ғана мамандарға арналған жатақхана құрылысы басталған. Ал бұл институт еліміздегі бірегей ұйым...


Фото: Мұхтар Холдорбеков 

Өзгелердің жаңалығы