Якутияда антисептик ішіп қойған жеті адам көз жұмды

21 Қараша 2020, 18:50
1758
Бөлісу:
Якутияда антисептик ішіп қойған жеті адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сараптама антисептик құрамында 69 пайыз метанол спирті болғанын анықтады, деп жазды korrespondent.net.

Якутияның Таттинск ауданының тоғыз тұрғыны антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған. Үш адам отырыстан соң бірден мерт болған, қалған төртеуі кеше ауруханада көз жұмды.

Мәлім болғандай 5 литр көлеміндегі антисептикті олар Томтор ауылындағы дүкеннен сатып алған. Тергеу амалдары кезінде құрамында метанол бар осындай антисептик Якутияның тағы екі ауданының дүкендерінде сатылатын болып шықты. Роспотребназдор 200 литр өнімді сатылымнан алып тастау жөнінде бұйрық шығарған.

Метанол спирті ішуге арналмаған. Оның 30 миллилитрі адам ағзасы үшін ажал құштыратын доза. Ресейдік тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Өзгелердің жаңалығы