Йеменде зымыран соққысынан қаза болғандар саны 100-ден асты

20 Қаңтар 2020, 14:22
1892
Бөлісу:
Йеменде зымыран соққысынан қаза болғандар саны 100-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Йемен президенті Абд Раббо Мансур Хади шабуылды "қорқақтардың террористік актісі" деп атады.

Йеменде Ансар Аллах қозғалысының жақтастарының (хуситтер) солтүстік-шығыстағы Мариб провинциясындағы йемендік армия лагеріне жасаған шабуыл салдарынан 100-ден астам адам қайтыс болды, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы 20 қаңтарда Интерфакс агенттігі Йемен Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. 

Нақтырақ айтқанда, әскерилер мен тұрғындар жиналған мешітке шабуыл жасалды. Хуситтер зымырандар мен адамсыз ұшатын ұшақтарды пайдаланған.
Біз хусистердің мешітке жасаған террористік актісін түбегейлі соттаймыз. Салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды, – делінген СІМ таратқан хабарламада. 
Елдің Қорғаныс министрілігінің хабарлауынша, қайтыс болғандардың арасында әскерилерден бөлек қарапайым тұрғындар да бар.
 Йемен президенті Абд Раббо Мансур Хади шабуылды "қорқақтардың террористік актісі" деп атады. 
Хуситтердің ұят әрекеттері олардың бейбітшілікті қаламайтынын көрсетеді. Олар өлім мен қиратудан басқа ештеңе білмейді. Иранның аймақтағы жай құралы болып отыр, – деді ол.
Айта кетсек, 18 қаңтарда Йеменде зымыранмен шабуыл жасалған белгілі болды. Басында 60 адам қаза тапты, 50-ден астам адам жарақат алды деген хабарлама тараған.


Өзгелердің жаңалығы