Қылмыстық топ мемлекетке 170 млн-нан астам сомаға залал келтірді

2 Тамыз 2020, 13:48
947
Бөлісу:
Қылмыстық топ мемлекетке 170 млн-нан астам сомаға залал келтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Stop-ОБНАЛ" жедел-алдын алу шарасы аясында және "Қыран" арнайы бөлімшесімен жүргізген тергеу әрекеттері нәтижесінде бір топ тұлғаның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық топ 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін заңды тұлғалардың атынан Қостанай облысының кәсіпкерлік субъектілерінің атына іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей жалған шот-фактураларды жазып отырған, - деп хабарлады департамент.

Жүргізілген тінту барысында жалған фирмалардың 6 мөрі, 3 ЭЦҚ, кассалық аппараттар, құрылтай құжаттары, бухгалтерлік құжаттама, компьютерлер және іске қатысты басқа заттар анықталды.

Мемлекетке келтірілген залалдың болжамдалған сомасы 170 млн. теңгеден асады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 216-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы