Ыңғайсыз жағдай болды. БҚО-да карантин кезінде ауыл әкімі той өткізген

26 Қазан 2020, 16:40
1692
Бөлісу:
Ыңғайсыз жағдай болды. БҚО-да карантин кезінде ауыл әкімі той өткізген
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО-да ауыл әкімі мейрамханада баласына той жасаған.

Бұл туралы Мой ГОРОД жазды.

Порталдың ақпаратына сүйенсек, үйлену тойы өткен демалыс күндері Оралдағы мейрамханалардың бірінде болған. Тойға қатысқандар аталмыш сайттың редакциясына тойда түсірілген видеоны жіберген.


Куәгерлердің сөзінше, БҚО Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы отау құрған көрінеді.

Ақжайық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітов Ақжол ауылдық округі әкімінің ұлы Татжан Өтемісовтің үйлену тойы туралы бүгін ғана білгенін айтқан.

Ыңғайсыз жағдай болды. Қазіргі уақытта Татжан Өтемісов еңбек демалысында. Жалпы аудан әкімдеріне карантин шараларының сақталуы туралы хабарланды. Арнайы бақылау топтары бар. Олар барлық шараны бақылау үшін жұмыс істейді. Демалыстан шыққаннан кейін біз бұл жағдайды заңды түрде қарастырамыз, - деді ол


Өзгелердің жаңалығы