Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2663-ке жетті

25 Ақпан 2020, 09:30
1047
Бөлісу:
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2663-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жетіп, оның 2663-і қайтыс болған. 27232 адам ауруханадан шыққан, деп хабарлайды  Қытайдың мемлекеттік денсаулық комитеті.

31 провинциядан келген мәлімет бойынша, вирус жұқтырған 77658 адам тіркелді, ауруханадан 27232 адам шығарылды. Қайтыс болғандар саны 2663-ке жетті. Қазіргі уақытта 47672 адам әлі ауырып жатыр, оның 9126-сы ауыр жағдайда, - делінген хабарламада. 
Соңғы бір тәулікте елде тағы 508 адам вирус жұқтырғаны анықталған, ауруханадан 2589 адам шыққан. 71 адам (оның 68-і Хубейде) қайтыс болған. 

Қазіргі уақытта тағы 2,8 мың адам ауру жұқтырды деген күдікпен тексеріліп жатыр. Науқастармен байланыста болған 87,9 адам медициналық бақылауға алынған. 

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Өзгелердің жаңалығы