Қызылорда облысында бір үйдің 6 адамы індет жұқтырды

6 Сәуір 2020, 11:20
2120
Бөлісу:
Қызылорда облысында бір үйдің 6 адамы індет жұқтырды

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Шиелі ауданында жұқпалы індеттің 6 жағдайы тіркелді. Бәрі – бір үйдің адамдары. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов өткен брифингте хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, бүгінде аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 37-ге жетіп отыр. 6 науқас 5 сәуірде Шиелі ауданынан анықталды.

Науқастар 4 пен 52 жас аралығында. Барлығы сенбіде анықталған науқаспен тығыз байланыста болған, соған орай олар оқшаулауға алынған еді. Сынама-тесттің нәтижесінде аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осы 6 адамның 5-уі – бір отбасыдан, алтыншыcы сенбіде анықталған наyқастың құpбысы. Олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, қазір ем қабылдауда. Жағдайы қанағаттанарлық, – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Басқарма басшысының хабарлауынша, тұрғындардың карантин талабын орындамауының салдарынан облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп отыр. Оқшаулану тәртібін сақтамағандықтан Жаңақорған ауданында бір әулеттің 21 адамы, Шиелі ауданында бір үйдің 6 адамы індетке шалдыққан.

Жұқпалы індеттің таралуының алдын алу үшін карантин режимін сақтау керек. Бір-бірімен қарым-қатынасты тыю керек. Жалпы, аймаққа шетелден келген 2 адамнан, басқа облыстан келгендер арасынан 3 адамнан жұқпалы індет анықталып отыр. Алматы, Нұр-Сұлтан, сондай-ақ өзге өңірлерден келген студент жастар оқшаулау, карантин ережелерін өpескел бұзып жатыр. Мұның алдында Петропавл қаласынан келген студент, Шиелінің тұрғыны құрбысына жұқтырып еді. Ал бүгін бір үйдегі жиыннан отбасының бас мүшелері зардап шегіп отыр, құрбылар арасындағы жиыннан тағы бір адам індет жұқтырды. Осыған орай, карантин тәртібін қатаң сақтау керектігін тағы да атап өткім келеді, – деді басқарма басшысы.
Өзгелердің жаңалығы