Бас жаңалықтар
Қызылордада індет жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық
05 Сәуiр 2020, 23:46 388

Қызылордада індет жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирус індетін жұқтырған 6 жағдай тіркелді. 6 жағдай да Шиелі ауданында тіркеліп отыр, дейді облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Олар 1967 жылғы әйел адам және 1989, 1992, 1998, 2013, 2015 жылы дүниеге келген қыз балалар.

Барлығы бұған дейін вирус жұқтырған адаммен байланыста болған. 

Жағдайлары қанағаттанарлық. Науқастар оқшау орындарға жатқызылды. Тиісті емдерін қабылдап жатыр.

Бүгінге дейін аймақта коронавируске шалдыққан 37 адам анықталды.
Қызылорда қаласында – 6 жағдай,
Жаңақорған ауданында – 16 жағдай,
Қармақшыда – 4, 
Шиеліде – 11.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...