Бас жаңалықтар
Қызылордалық шаруалар күріш алқабының 80% орып болды
01 Қазан 2020, 23:05 131

Қызылордалық шаруалар күріш алқабының 80% орып болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ала жаздай Сырдарияда су болмай, қуаңшылықтан әрең сақтап қалған күрішін сырбойылық диқандар күндіз-түні орып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені күзгі жауынның астында қалса өнімділік азайып кетеді. Карантиннің әсерінен ораққа кештеу кіріскен еңбекшілер үшін қазір әр сағат қымбат. Күзгі жиын-терім жұмыстарына жылдағы кестеден 10 күндей кешеуілдеп кіріскен шаруалар егіс алқабының 80% орып болды. Биыл ауа райы құбылмалы болуынан және су тапшылығы салдарынан күріш кеш піскен. 

Сыр диқандары биыл жалпы 184 мың гектар алқапқа егін еккен. Оның жартысына аймақтың басты дақылы – күріш орналастырылды. Уақытпен санаспай, егістік басында жүрген шаруалар 325 мың тоннадай күрішті орып болды. Оның 52 мыңдайы біз тұрған Қармақшы ауданына тиесілі.

Ала жаздай атыз жағалап, арық-арнадағы суды кезектесіп пайдаланған диқандардың тәулік бойы қолынан кетпені түспейді. Барлық техника күріштікке салынған. Қазанның 10-15 не дейін күрішті толық орып, бастыруды жоспарлап отырған шаруалар әр гектардан 60-65 центнер өнім жинаймыз деген үмітте.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...