Бас жаңалықтар
Зейнетақы қорынан кімдер және қанша теңгесін шеше алады?
28 Желтоқсан 2020, 17:10 17882

Зейнетақы қорынан кімдер және қанша теңгесін шеше алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 желтоқсанда қабылданған Зейнетақы қорындағы ақшаны алу туралы Заң бойынша келер жылдан бастап жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алу және емдеу, жеке компанияларға беру үшін шеше алады. 

Бұл туарлы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Еңбек жне халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов айтты. 

Оның айтуынша, еліміздің үш санатына жататын 1 млн-ға жуық азаматтар жинақтарының бір бөлігін шеше алады.

Жасына сай жеткілікті шектен асып тұрған қорда жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар. Олардың саны шамамен 760 мың, әрқайсысына орташа 2,3 млн теңгеден келеді. Екінші санаттағылар зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде сақтандыру компанияларымен аннуитеті шарт жасасқан тұлғалар. Олардың саны елімізде 23 мың адамды құрайды, тиесілі сомма мөлшері 2,5 млн теңге шамасында. Үшінші санатқа қордағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50 пайызынан аспайтын шекте жұмыс істеген зейнеткерлер. Олардың саны 170 мың адам, қолға алатын сома мөлшері 500 мың теңге шамасында, - деді ол.
Вице-министр қазақстандықтарды қордағы ақшаның бір бөлігін шешіп алмас бұрын мұндағы қаржы алаңсыз қарттықты қамтамасыз етуге арналғанын ескеруге шақырды. 

Заң бойынша аталған санаттағы азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және емделуге пайдалана алады. Мақсатты пайдалану үшін отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді, ал емдеу мақсатына жұмасалатын қаржыны шешу тәртібін денсаулық сақтау министрлігі ұсынуы тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар қолға алынған.

Қаңтар айында заңның барлық нормативтік-құқықтық актілер дайын болады деп күтілуде. Осыдан кейін қордағы ақшаның бір бөлігін шешу жүзеге асырыла бастайды, - деді вице-министр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...