Зейнетақы төлемдері: 6 мыңнан аса қазақстандық өтінім берді

23 Қаңтар 2021, 14:07
1911
Бөлісу:
Зейнетақы төлемдері: 6 мыңнан аса қазақстандық өтінім берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы сағат 9:00-ден бері зейнетақы төлемдерін алуға 6000-нан астам қазақстандық өтінім беріп үлгерді.

Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы жұмысының 4 сағаты ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға 6000-нан астам қазақстандық өтінім берді, - деп жазды «Отбасы банк».

Банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, барлық өтінімдер онлайн түрде қабылданады.

Қазақстандықтар арасында келесі мақсаттары ерекше танымал:

- ипотекалық қарызды өтеу;

- тұрғын үйді толық сатып алу;

- жақын туыстарыңызға зейнетақы жинақтарын табыстау;

- Отбасы банкінде ипотекалық қарызды тиімді шарттармен рәсімдеу.

Естеріңізге сала кетейік, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу бойынша онлайн-платформамен жұмыс істеу кезінде сізге nclayer сертификаттарын орнату қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайттында орнатуға болады.

Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден ғана қолжетімді болатынын есте ұстаған жөн.



Өзгелердің жаңалығы