Зейнетақы жасын көтеру мәселесі қарастырылмайды – Үкімет

9 Қараша 2020, 15:14
2433
Бөлісу:
Зейнетақы жасын көтеру мәселесі қарастырылмайды – Үкімет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің түсіндірмесі жарияланды.

Зейнеткерлік жасты төмендетуді ұсынған «Халық коммунистері» фракциясының тиісті депутаттық сауалына жауап ретінде 2018 жылы күшіне енген өзгерістермен Қазақстан Республикасында қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне түсініктеме берілді.

Бұл ретте еңбек нарығында қалыптасып отырған әлемдік трендтер, сондай-ақ түрлі елдердегі демографиялық үрдістер мысал ретінде келтірілді. Премьер-министрдің берген жауабында ҚР-да зейнет жасын одан әрі арттыру туралы ештеңе айтылмаған, себебі мұндай мәселе бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған жоқ. Осылайша, ҚР-да зейнет жасын арттыру көзделгені туралы кейбір БАҚ-та таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - делінген түсініктемеде.
 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнетке шығу жасын қайта қарауды сұрап, зейнетке 60 жаста шығуды ұсынған болатын. Олар өз ұсыныстарын Премьер-министр Асқар Маминге жолдады.

Өзгелердің жаңалығы