Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира қызды болды

3 Желтоқсан 2019, 10:37
15141
Бөлісу:
Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира қызды болды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жағымды жаңалықты жұлдызды жұп өздерінің Іnstagram-дағы парақшаларына жазған екен. 

Бірнеше ай бұрын орын алған отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан бүгін рұқсат алдық, - деп жазған Жазира.


Сонымен қатар, Жанболат пен Жазираның тұңғышы Қазбек қыздың есімін Дара деп өзі қойғанын айтады.

Бұл жаңалыққа алғаш сіздер куә болып тұрсыздар. Өмірге бір адам ел жаулау үшін, бір адам ел басқару үшін, бір адам махаббаты үшін, ал мен жанұяма қызмет ету үшін келдім. Ата-анама тек баласының рөлін сомдап емес - досы, директоры, қамқоршысы, көмекшісі, екі жұптың халықты қуантуға септігін тигізуші ретінде Құдайдың маған берілген тапсырмасын түсінгендеймін. Дара қарындасымды қандай жоспар күтіп тұрғаны бізге беймәлім. Бірақ, Дара есімін қойған себебім, 22 жыл үзілістен кейін біздей мықты отбасын таңдаған, ең бастысы қазақ елінде туған, ерекше - Дара атқа ие болды, - деп қуанышымен бөліскен.




Өзгелердің жаңалығы