Бас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды
20 Ақпан 2020, 14:00 1411

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшымен америкалық Димитриус Баллард жекпе-жекке шығуға келісті. Желтоқсанда ол АҚШ-тың Коста-Меса қаласында орта дивизионда бос болған NABF тұжырымы бойынша Солтүстік Амеркиа чемпионы титулы үшін бразилиялық Ямагучи Фалькаомен (16-1-1, 7 KO) он раундты жекпе-жекте тең түсті. Осылайша, белбеу сол күйде иесіз қалды.

Ал Әлімханұлы кейінгі рет рингке 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.

Әлімханұлы – Баллард жекпе-жегі 28 наурыз Квебектегі бокс кешінде өтеді.

Бұл бокс кешінің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, мұның алдында Top Rank промоутерлері Жәнібек Әлімханұлына қарсылас іздеуде қиындыққа тап болған еді. Промоутерлер бірнеше боксшымен байланысқа шыққан екен, оның ішінде канадалық Стив Роллс (20-1, 11 КО) бар. Алайда олардың бәрі жекпе-жектен бас тартқан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...