Жаңа заң жастардың қоғамдық-саяси өмірге толық қатысуына әсер етеді

25 Мамыр 2020, 18:06
1655
Бөлісу:
Жаңа заң жастардың қоғамдық-саяси өмірге толық қатысуына әсер етеді
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Президент қол қойған "ҚР Сайлау туралы" және "Саяси партиялар туралы" заңдарына қатысты Республикалық нотариалдық палатаның төрағасы Әсел Жанабілова өз пікірін айтты. 


Заң жобасы президенттің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының соңында айтқан тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Осы заң жобаларында партияның сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға кемінде 30% мөлшерінде жеңілдік енгізу ұсынылды. Мен бұл түзетулерді ведомствоаралық комиссияның  және Әділет министрлігінің мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізер алдында дайындық кезеңінде қарастырдым, - деді палата төрағасы. 

Сонымен қатар, енгізілген түзетулерді барлығын қолдайтындығын жеткізді. Бұл 30%-дық  жеңілдіктің тағайындалуы оң нәтиже беретіндігін алға тартты. 
Бүгінгі таңда статистикаға сүйенсек, бізде ел халқының 50%-ын әйелдер құрайды. Ал 30 жасқа дейінгі жастар шамамен 15% бар. Сондықтан, әрине, жастар мен әйелдерге осындай көмек көрсетілуі біздің еліміздегі әрі қарай қоғамдық-саяси процестерге жақсы әлеуметтік-саяси әсер етеді деп сенеміз, - деді Әсел Жанабілова. 
Сонымен қатар, бұл әйелдер мен жастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне толық қатысуына, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге әсер ететіндігін тілге тиек етті.
Өзгелердің жаңалығы