Жақсылық Үшкемпіров: Ағайынға айтарым, сақ болайық

5 Шілде 2020, 10:03
2954
Бөлісу:
Жақсылық Үшкемпіров: Ағайынға айтарым, сақ болайық
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек Ері, грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қазақстандықтарды коронавирус инфекциясынан қорғану үшін сақтық шараларын барынша мұқият ұстануға шақырды.

Құрметті ағайын, дүние жүзін дендеген індет тек бізде ғана емес, әлемнің әр түкпірінде қиын болып тұр. Спорт ардагері ретінде жастарға, замандастарыма, ағайынға айтарым – сақ болайық. Мына індеттен құтылу үшін әрбіріміз сақ жүруіміз керек. Бір-бірімізді құтқару үшін маска тағып, арақашықтық сақтап, дәрігерлер ұсынған тиісті шараларды ұстану қажет. Аман болайық, - деді ол.



Генерал-лейтенант, ҚР халық қаһарманы Бақытжан Ертаев ең алдымен, өзіміз тәртіпті болуымыз керек екенін баса айтты.

Ең алдымен, өзіміз тәртіпті болуымыз керек. Бәріңді тәртіпке шақырамын, біз бір болуымыз қажет. Бұл көзге көрінбейтін жұқпалы ауру. Далаға шықсаң маска тақпағандарды көресің, той жасаймын дегендер тағы бар. Тойға әлі де жетеміз, ең алдымен мына індетпен күресіп алу керек. Сөзбен емес, тірлікпен жетейік. Тәртіп сақтай жүріп, дәрігерлерге көмек берейік, бір болып жеңіп шығайық, - деп жіберлендірді ол.


  Жазушы Көпен Әмірбек дүниені дүрбелеңге салған алапат аурудан құтылудың бір ғана жолы – сақтану екенін жеткізді.
Бұл індет үндемей келіп қабатын ит сияқты тиіседі екен, жалпаңнан түсіреді. Одан құтылудың жалғыз жолы – сақ жүру. Сақтансаң сақтаймын деген. Той-жиындардан бөлек, өлім-жітім көбейді. Сондай жерлерде де төбе көрсетуді шектесек. Кейінгі кездері маска тағуды қойдық, арақашықтық сақтамай ағайынмен құшақтасып амандасуды қайта бастадық. Дүние жүзін жайлаған вирусты жинап, таразыға тартса, 5 грамға етпейді екен. Алайда, оның таралымы сұмдық. Сондықтан, сабыр сақтап, сақтық шараларын мүмкіндінігше меңгерсек, сапқа тұрған сарбаздай болатынымыз сөзсіз, - дейді ол.


Ал, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пандемияға қатысты жағдайды кейбір азаматтардың әлі де болса жіті түсіне қоймағанын айтады.
Мен қазақстандықтарды біздің денсаулығымызды қорғау мақсатында мемлекет қабылдап жатқан шараларға сабырлық танытуға шақырамын. Әсіресе, қарттарымызды қорғайық. Пандемияны бірігіп жеңіп шығатынымызға сенімдімін, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы