Жамаубаев жекешелендіру аясында қанша нысан сатылатынын айтты

12 Мамыр 2021, 09:43
1340
Бөлісу:
Жамаубаев жекешелендіру аясында қанша нысан сатылатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

Биылғы 4 айдың ішінде камералдық бақылаумен сомасы 3,5 трлн теңгеге 395 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 11 587 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 10 933 хабарламаны орындады, - деді Жамаубаев.

Министр 1 124 аудиторлық іс-шара өткізілгенін айтты.

Аудитпен 604 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 60 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 44 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды, - деді Жамаубаев.

Ол атағандай, аудит объектілері қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 947 ұсыным берілді.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 673 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 16,6 млрд теңгеге 22 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 20 нысан сатылымға қойылды. 5 нысан таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 626 объектіні өткізу керек, - деді ол.
Бұған дейін Жамаубаев республикалық бюджетке қанша кіріс түскенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы