Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында қатаң шектеу шаралары енгізілуде
05 Шілде 2020, 22:32 197

Жамбыл облысында қатаң шектеу шаралары енгізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. 05.07.2020 жылы "Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы"  № 28 қаулысы қабылданды.

Атап айтқанда, 6 шілде, сағат 00:00-ден бастап келесілердің қызметіне тыйым салынады:

- азық-түлік супермаркеттері мен оларда  орналасқан дәріханаларды қоспағанда, сауда орталықтары мен сауда желілері;

- ойын-сауық нысандары: караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар, кинотеатрлар;

- мәдени нысандар, діни орындар, балабақшалар мен лагерьлер, білім беру орталықтары, банкет залдары және т.б;

- СПА-орталықтардың, жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр мен педикюр;

- жабық (ғимараттарда, үй-жайларда орналасқан) азық-түлік және азық-түлік емес базарлар.

Көпшіліктің қатысуымен, оның ішінде үй-жайларда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық орындарға, соның ішінде адамдар көп жиналуы мүмкін нысандарға барған кезде тұрғындар бетперде киюге және антисептиктерді қолдануға қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Саябақтарда, скверлерде, алаңдарда және басқа да демалыс орындарында сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін серуендеуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтардың және 3 адамнан астам топтардың жүріп-тұруы шектеледі;

Қоғамдық көліктер 07.00-ден 10.00-ге дейін және  17.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар, карантин кезеңінде келесілерге рұқсат етіледі:

- ауданы 500 м²-ден аспайтын азық-түлік емес дүкендердің қызметіне, ауданы  500 м²-ден астам дүкендер тек жеткізіп беру бойынша жұмысына рұқсат етіледі;

- медициналық орталықтар (жазылым бойынша);

- қонақ үйлер, санаториялық-курорттық нысандар, демалыс үйлері, туристік базалар;

- дәріханалар қалыпты режимде;

- азық-түлік дүкендері (минимаркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер) 09.00-ден 20.00-ге дейін, үй маңындағы дүкендер 08.00-ден 22.00-ге дейін;

- қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін тек қана ашық ауада (жазғы алаңдар) 30 отыратын орыннан аспайтын, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шығару және жеткізу режимінде жұмыс істеу мүмкіндігімен;

- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың; ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының қызметіне рұқсат беріледі;

- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, уақыт бойынша 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеуді сақтай отырып,  халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілерінің (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары) қызметіне рұқсат беріледі;

- уақыт бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейінгі шектеуді  және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес-орталықтардың (адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және т.б.), букмекер кеңселерінің қызметіне рұқсат беріледі;

ХҚКО жұмысын Egov.kz, EgovKZBot 2.0 телеграм-бот арқылы алдын-ала брондау бойынша жұмыс күндері уақыт режимін  9.00-ден 15.00-ге дейін, Call орталықтардың жұмысы сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін ал, жексенбі және мереке күндері тыйым салу;

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және уақыт бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейінгі шектеуді сақтай отырып және қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысын ұйымдастыру;


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...