Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Естелік саябағы» акциясы өтті
VIDEO
07 Мамыр 2021, 20:11 365

Жамбыл облысында «Естелік саябағы» акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Меркі ауданында «Киелі табиғат» экологиялық жобасы аясында «Естелік саябағы» акциясы өтті.

Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігі «Киелі табиғат» жобасы аясында №39 Қожакев атындағы ЖОББМГ ауласында 18,28,44,39 мектептерінің белсенді жасұланшылары мен тәлімгерлерінің қатысуымен «Естелік саябағы» жаппай ағаш отырғызу акциясы өткізілді.


Акция барысында 20 түп жеміс және 5 түп шырша отырғызылды. Бұл экологиялық жобаға 24 адам қамтылды.

Осыған дейін аталған акция Ақмола облысында да өткізілген еді. Олар акция аясында 100 көшет отырғызды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...