Жамбыл облысында тіркелген 3-науқас туралы жаңа деректер шықты

27 Наурыз 2020, 09:41
1756
Бөлісу:
Жамбыл облысында тіркелген 3-науқас туралы жаңа деректер шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Жамбыл облысында тіркелген коронавирус жұқтырған науқас туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарланды coronavirus2020.kz сайтында.  

27 наурыз күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 3-жағдайы тіркелген болатын. 

Науқастанған Қордай ауданының 1996 жылғы тұрғыны 24 наурызда Қырғызстан Республикасынан келген. Белгіленген алгоритм бойынша бойжеткен карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық талдау нәтижелері коронавирустың оң нәтижесін көрсетті, - делінген ақпаратта.   

Пациент инфекциялық стационарға жатқызылған. 

Жағдайы – қанағаттанарлық. Дене қызуының жоғарылауы және коронавирустың өзге белгілері байқалмайды. Коронавирус инфекциясына диагностика және оны емдеу бекітілген хаттама бойынша жүзеге асырылуда. Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Олардың анализдеріне талдау жасалуда, - делінген баспасөз мәліметінде.   

Айта кетейік, Жамбыл облысында індетке шалдығудың алғашқы жағдайы 24 наурызда тіркелді. Ол - Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны. Өңірге Қырғызстан Республикасынан келген. 24 наурыз күні облыстық карантиндік стационарға жатқызылды. 

Екінші оқиға 26 наурыз күні анықталды. Инфекция Қордай ауданының 1974 жылғы тұрғынынан табылды. Ол бір күн бұрын отбасымен бірге Қырғызстаннан келген. Жанұяның бес мүшесі де шекарадан өте салысымен оқшауланып, карантиндік стационарға жатқызылды.

Өзгелердің жаңалығы