Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған екі кісінің жағдайы белгілі болды

2 Сәуір 2020, 11:05
1139
Бөлісу:
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған екі кісінің жағдайы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың біреуі Тараз қаласының 41 жастағы тұрғыны. "Қызылорда-Петропавл" бағытындағы пойызда Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған. Оның Түркістан облысына оралған кезде індет жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Олармен байлланыста болған 8 адам карантин бөлімшесіне жатқызылды. Коронавирус инфекциясына талдау алынды. Сонымен қатар, "Қызылорда-Петропавл" пойызында Түркістан  облысының аталған тұрғынымен байланыста болған 7 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың қан талдауы теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.

Ал екінші науқас 1991 жылғы Жамбыл облысының тұрғыны. Ол 30 наурызда өңірге Ресей Федерациясынан келген. 
Келген кезде тәртіп бойынша карантин стационарына жатқызылды. Сынамасы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды. Екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, ауруы жеңіл түрде өтіп жатыр, хаттамаға сәйкес қажетті ем алып жатыр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрған жерлері мен болған орындарындағы ошақтарда дезинфекция жұмыстарын жүргізді.


Өзгелердің жаңалығы