Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

26 Ақпан 2021, 17:53
6856
Бөлісу:
Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордада Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты шарада айтты.

Қазақстанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын ресми түрде мерекелеу басталды.

Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

Мерекелік кештің қонақтары ең алдымен театр фойесінде қойылған Жамбыл Жабаев экспозициясымен танысты.

Салтанатты шара мемлекеттік хатшы, мерейтойдың мемлекеттік комиссиясының төрағасы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, зиялы қауым өкілдері және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен өтті.

Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты шарада сөз сөйлеп, Жамбыл Жабаевтың ізгілікті сан идеяларын бүкіл әлемге жеткізудің үлкен жауапкершілігі жүктелгенін атап өтті.

Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

Қазақ елінің тарихында тағылымды тұстар жетерлік. Дәстүрімізді дәріптей отырып, жақсымызды жарқыратып ұстауды, оны ұлықтап, Тәуелсіздік күнін күткелі бері мемлекет саясатының бір арнасына айналдыра алдық. Егемендік алғаннан кейін Елбасының халықаралық аренадағы беделінің арқасында ЮНЕСКО аясында ұлы ақын Абайдың 150 жылдығын атап өтуге қол жеткіздік, - деп атап өтті министр.
Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

Сондай-ақ, Райымқұлова атап өткендей, әлемді әбігерге салған індет жағдайында да Абайдың 175 жылдық мерейтойын лайықты атап өттік.

Енді тағы бір ұлы тойдың кезегі келіп тұр. Биыл ұлтымыздың ұлы жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығын атап өткелі отырмыз. ХІХ ғасырдың ортасында өмірге келген екі ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойлары жоғары деңгейде атап өтілуде. Ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларынсыз ғасыр сырын, ғасыр мұңын түсіну бізге әлдеқайда қиын болар еді. Абай мен Жамбыл бір заманның, бір дәуірдің біртуар тұлғалары, - деп айтты ол.
2020 жыл Абай есімімен байланыстырылған болатын.
Абай рухымен санастық, өлеңдерін оқыдық, әндерін шырқадық. Абайды әлемге таныттық. Осы рухани эстафета жалғасын тауып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жыл жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіледі, - деді Ақтоты Райымқұлова. 
Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

Министр Жамбыл қазақ әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орны бар асқақ тұлға екенін атап өтті.

Эпик-ақын ретінде қазақтың суырып салма өнерін биік шыңға шығарды. Төл өнеріміз айтыстың ерекшелігі - сөз тапқырлық жарысында емес, батылдық, өткірлік, шындыққа толы көркем бейнелі сөздер тауып, қалың жұртқа қоғамдық мәселелерді айқын жеткізе алуымен құнды, - дейді МСМ басшысы.
Жамбыл Жабаев қазақ халқының атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға - Райымқұлова

Жамбыл Жабаев - ХХ ғасырда қазақ халқының асқақ атын әлемге алғаш болып танытқан қайталанбас тұлға. Бірнеше тілге аударылып, әлемге тараған Жамбыл жыры халықтың атын әлемге әйгілі етті.

Министр атағандай, Жамбыл қазақ әдебиетіндегі туған халқының мақтанышы ғана болған жоқ. Ол әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Өлеңдері әлемнің 40-тан аса тіліне аударылған.

Жамбыл Жабаевтың биылғы мерейтойына ақынның өмірі мен шығармашылығын ұлт мақтанышы ретінде ғана қарастырмай, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу құралына айналдыру жоспарланып отыр. Жамбыл поэзиясы өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да небір сындардан өтіп, еркіндік сүйген халқымен бірге жасап келеді және мәңгілік жасай береді, - деп өз сөзін түйіндеді министр Ақтоты Райымқұлова.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде атап өту мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылды.

Өзгелердің жаңалығы