Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды

19 Мамыр 2021, 03:45
1456
Бөлісу:
Жамбылда жазасын өтеушілер вакцина салдырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда ЖД-158/5 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Иммундаудың екінші кезеңінде аталған мекемедегі 148 жазалы жандар екпе салдырды.

Індеттің тезірек жойылып, қалыпты қалпына қайта оралуды қалайтын жазалы жандар мекемеде сақтық шаралары қатаң ескерілетінін атап өтті. 
Сақтансаң, сақтайды! Сол себепті, өз басым денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауды жөн санадым, – дейді Данияр есімді жазасын өтеушінің бірі.

Айта кетейік, бүгінде өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші 2380 сотталған азаматтардың 1779-ы вакцинацияланды.


Өзгелердің жаңалығы