Бас жаңалықтар
Жамбылдық жастар 10 мың маска таратты
29 Наурыз 2020, 19:45 253

Жамбылдық жастар 10 мың маска таратты

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы еріктілер елімізде COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап, күн сайын барлық қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Олар осы уақытқа дейін 30 мың үнқағаздар, бүктемелер мен медициналық маскалар таратып, 15 рейд ұйымдастырған. Бұл жайында жергілікті әкімдітің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа айтты.

18-26 наурыз аралығында волонтерлер өз қолдарымен тіккен 10 мың дана қорғаныш бетперделерін қала тазалығына жауапты жұмысшыларға және тұрғындарға таратты. Ал 20-26 наурыз күндері әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және жалғыз ілікті қарияларға "Біз біргеміз" ұранымен бірінші кезекте қажетті 700 дана азық-түліктер мен гигиеналық заттар салынған қораптар үлестірді, - деді басқарма басшысы.

Жауапты маманның мәліметінше, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы "Қоғамдық сақшы" жобасын жыл басынан бері жүзеге асырып келеді. Жобаға "Жібек жолы", "Ақ сұңқар", "Темірқазық" волонтерлік қозғалыстары мен өңірдегі «Jas Otan» Жастар қанаты, "Қазақстан студенттер Альянсы" және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық жастар ұйымының еріктілері тартылған.

Жоба аясында еріктілер мереке күндері қадағалау шараларын күшейтуде. Атап айтатын болсақ, 20-25 наурыз аралығында саябақтарда, көшелерде, мөлтек аудандарда коронавирустан сақтанудың жолы – үйден бей-берекет шықпау, адам көп шоғырланатын орындарға жиі бармау жайында түсіндіру жұмыстары жүргізді. Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, кафелер мен асханалардың 22.00-ден кейін жабық болуын полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе қадағалады, арнайы рейдтік жұмыстарға тартылды, - деді С.Берікқожа.


Фото: дереккөз
Загрузка...