Жамилә Бақбергенова: Азия чемпионатындағы нәтижеме көңілім толмайды

17 Сәуір 2021, 15:52
1302
Бөлісу:
Жамилә Бақбергенова: Азия чемпионатындағы нәтижеме көңілім толмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың күміс жүлдегері атанған Жамиля Бақбергенова Olympic.kz сайтына жарысқa қатысты пікірімен бөлісті. 

Өкінетінім, үндістандық балуанға есе жіберіп қойдым. Жеңімпаз атануға да мүмкіндік болған еді. Чемпион боламын деп ойлағанмын. Күрес барысында шаршап қалдым. Жарыстағы нәтижеме көңілім толмайды. Енді алда бір лицензиялық турнир бар. Оған құрамадан кімнің қатысатынын бапкерлер шешеді, - дейді Жамиля Бақбергенова. 

Айта кетерлігі, қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова Азия чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы