Жаңа қаулы шықса да, әуе компаниялары ұшаққа ПТР анықтамасы жоқ жолаушыны отырғызған

27 Қазан 2020, 13:48
1414
Бөлісу:
Жаңа қаулы шықса да, әуе компаниялары ұшаққа ПТР анықтамасы жоқ жолаушыны отырғызған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов мәлімдеді.

26 қазанда ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына өзгеріс енгізілді. Құжатқа сәйкес COVID-19-ға ПТР тест анықтамасы жоқ жолаушылар халықаралық әуе рейстері ұшақтарының бортына кіре алмайды.

Тиісінше 2020 жылдың 27 қазанынан бастап халықаралық рейстер арқылы Қазақстанға келетіндердің ПТР тест анықтамасы болуы шарт.

Алайда әуе компаниялары ПТР анықтамасы жоқ 42 жолаушыны бортқа отырғызған. Олар бүгін түнде ұшып келді. Осы ретте аталған жолаушылар екі күндік карантинге жатқызылып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалалырында ПТР тест тапсырады.

Осындай әрекетке барып, шектеу шараларын орындамаған әуе компанияларына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Айта кетсек, Египет, Түркия және Оңтүстік Кореядан ұшып келген 1002 жолаушының немесе 96%-ның ПТР анықтамасы болған. 

ПТР анықтаманың қағаз және электрондық түрі бар. Анықтама мерзімі мемлекеттік шекараны өту кезінде берілген сәтінен 3 тәуліктен көп емес.


Өзгелердің жаңалығы