Жаңа Кодекс азаматтарға сотта жеңуге жәрдемдеседі – судья

21 Қаңтар 2021, 17:43
2573
Бөлісу:
Жаңа Кодекс азаматтарға сотта жеңуге жәрдемдеседі – судья

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың шілдесінде күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексіне қатысты Жоғарғы соттың судьясы Аслан Түкиев пікір білдірді. 

Бұл Кодекстегі өте көп бап азамат пен мемлекеттік органдар арасындағы дауларда азаматтарға көмек көрсетіледі, - деді ол. 

Судья айтқандай, қазір азаматтардың өздері мемлекеттік органның шешімі дұрыс емес екенін дәлелдеуі керек.

Арыз дұрыс жазылмаса, рәсімделмесе, сот қарастырудан бас тартуы керек. Жаңа Кодекс бойынша судья дұрыс рәсімдеуге көмектесуі керек және мемлекеттік орган шешімі дұрыс екенін дәлелдеуі керек. Бұрын осы мәселелер азаматтық процессуалдық Кодексте қарастырылған. Онда екі тарап бірдей болған. Сондықтан 80% сотта мемлекеттік орган жеңген, енді басқаша болады, - дейді Аслан Сұлтанұлы. 

Оның айтуынша, енді азаматтар сотта көбірек жеңетін болады. 

Бұл мемлекеттік органдардың азаматтардың алдында жауапкершілігі мен тәртібін арттырады. Жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты жиырма бір сот құрылуда. Жаңа судьялар жұмысқа іріктеліп қабылданады, - деді ол. 

Айта кетейік, биыл шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа енгізіледі. Кодексте азаматтардың мүдделерін, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз және жеткілікті түрде уәжделмеген шешімдерінен қорғауға арналған қағидаттар енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы