Бас жаңалықтар
Жаңатастағы өрт себебінің болжамы айтылды
20 Ақпан 2021, 12:53 609

Жаңатастағы өрт себебінің болжамы айтылды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департментінің бастығы Ермек Момбаев өңірлік коммуникациялар қызметінінің алаңында Жаңатаста болған өрт оқиғасына қатысты өткен брифингте айтты. 

Кеше қайғылы жағдай орын алды. Бізге 15:15-те хабар түсті. Жаңатас қаласындағы 2-ші шағын аудандағы көпқабатты үйдің үшпәтерлі үйдің өртенуі жайлы хабар түскен еді. Зерттеу жүргізу барысында оқиға орнында электр құралдары, қосымша сымдар болмаған. Тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған. Өрт 16 шаршы метрді шарпыды, - деді ол. 

Ал Жамбыл облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары Бақыт Ратаев жағдай бойынша Ішкі істер департаменті комиссия құрамына енген. 

Полиция департаментінің бірінші басшысы оқиға орнында, топпен жұмыс істеп жатыр. Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өрт шыққандықтан мамандар арнайы сараптамалар жүргізеді. Сараптама нәтижесі бойынша өрт неден шыққанын айтамыз. Сот сараптама орталығының бастапқы мәліметі бойынша, өрттің шығуы тез өртенгіш заттардан болуы мүмкін. Үйдегі сіріңкенің матрац немесе өзге маталарға түсуі мүмкін. Сараптама нәтижесін күтеміз, - деді ол.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...