Бас жаңалықтар
Жансай Смағұлов Ташкенттен күміс жүлде еншіледі
06 Наурыз 2021, 19:45 386

Жансай Смағұлов Ташкенттен күміс жүлде еншіледі

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Жансай Смағұлов екінші орын алды.

Қарағанды облысының тумасы 73 келі салмақта белдескен. Смағұлов алдымен ағылшын, одан кейін Швейцариядан келген балуанды жеңді. Ширек финалда татами иесі Муроджон Юлдошевтің осал тұсын тапты. Жартылай финалда армениялық Фердинанд Карапетянмен кездесті. Тартысты белдесудің  негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Ал қосымша уақытта Смағұлов «ваззари» әдісін орындап, жеңісті жұлып алды.

Карапетян ширек финалда Олимпиада жүлдегері, әзербайжандық Рустам Оруджевтен басым түскен.

Финалда отандасымыз моңғолиялық Цогбатаар Ценд Очирмен жолыққан. Бұл кездесу Жансай нәтижелі әдіс жасағанымен, төреші қазақстандық қарсыласын аяқтан ұстады деп жеңісті моңғол балуанына берір жіберді. Сөйтіп, Смағұлов Ташкенттен күміс жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, кеше 60 келідегі Елдос Сметов те екінші орын алған болатын. Финалда жапон балуаны есе жіберді. Grand Slam ертең  аяқталады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...