Бас жаңалықтар
Жапония билігі «Олимпиада ойындары өтпейді» деген ақпаратқа пікір білдірді
22 Қаңтар 2021, 14:10 161

Жапония билігі «Олимпиада ойындары өтпейді» деген ақпаратқа пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония үкіметі бас хатшысының орынбасары Манабу Сакай коронавирустық пандемияға байланысты Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының өтпеуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Біз бұл ақпаратты толығымен жоққа шығаруға ниеттіміз. Әрине, біз шетелдегі жағдайды ескеруіміз керек және белгілі бір уақытта Олимпиаданы өткізу-өткізбеу туралы шешім қабылданады. Бірақ оған дейін үкімет ойындарға дайындалу үшін барлығын жасайды, - деді Сакай.

Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге 42 лицензия бар. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...