Жапонияның екі аймағында құс тұмауы тіркелді

25 Қараша 2020, 15:16
1458
Бөлісу:
Жапонияның екі аймағында құс тұмауы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кагава префектурасында миллионнан астам ауру жұқтырған құс сойылды, көрші өңірде 100 мыңға жуық құс жойылмақ, деп жазды Kyodo.

Жапонияның Фукуока префектурасының Мунаката қаласындағы құс фабрикасында құс тұмауының өршу дерегі тіркелді. Бұл елдің оңтүстік-батысындағы тауықтарда инфекция расталған екінші аймақ екендігі анықталды. Фукуокада санитарлық шаралар аясында аймақ басшылығы 93,5 мыңға жуық құсты союға шешім қабылдады.

Бұған дейін Кагава префектурасында бір уақытта бірнеше құс тұмауы ошағының пайда болуына байланысты миллионнан астам тауық жойылып кеткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының ортасында Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында құс тұмауының ошағы анықталып, карантин енгізілген болатын. Кейіннен ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құстардың жаппай қырылу себебін түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы