Мәскеу орталығында жаппай төбелес болды

6 Тамыз 2019, 16:19
3529
Бөлісу:
Мәскеу орталығында жаппай төбелес болды

Алматы, BAQ.KZ. Мәскеудегі «Площадь Ильича» метро станциясы аумағында 60 адамның қатысуымен жаппай төбелес болды. Бұл туралы РЕН ТВ хабарлады.

РФ ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кезекші бөлімге Золоторожской Валу көшесі бойындағы №40 үйдің жанында төбелес болып жатқаны туралы мәлімет 6 тамыз күні таңғы сағат 4-тер шамасында хабарланған.

Телеарнаның хабарлауынша, төбелес адамдардың өзара кикілжіңінен туындаған. Төбелеске қатысқандардың бірнешеуі дене жарақаттарын алған, оларға медициналық көмек көрсетілді. 

Жаппай төбелестің орын алуына не себеп болғаны әлі де анықталып жатыр. Тәртіп бұзғандардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Шілде айының ортасында Краснодар аймағына қарасты Водник селосында армяндар мен шешендер арасында төбелес болған.

Өзгелердің жаңалығы