Жастар кадрлық резервінің 150 жас маманы жұмысқа орналастырылды – Қарин

23 Шілде 2020, 11:35
1911
Бөлісу:
Жастар кадрлық резервінің 150 жас маманы жұмысқа орналастырылды – Қарин

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің telegram каналында хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі бастамаларының бірі - президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру. Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасы аясында талантты жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру бойынша шаралардың бірі ретінде ұсынды. 

Өткен жылдың күзінде байқау жарияланды. Еліміздің барлық аймағынан 13 мың жас қазақстандық өтінім берді. Іріктеу төрт ай өтті. Нәтижесінде резервке 300 адам өтті. Биыл 15 қаңтарда бағдарламаға қатысушылармен Президенттің өзі кездесті. Мемлекет басшысы резервшілермен кездесуде атап өткендей, "елдегі ең ауқымды трансформация нақты саладағы, өңірдегі, қаладағы, ауылдағы шағын өзгерістерден басталады. Әркім өз орнында, өз позициясына қарамастан, жаңарту процесіне өз үлесін қосуы тиіс, - деді ол. 

Қарин атағандай, Президент лауазымға тағайындау бағдарламаның басты мақсаты емес екенін ескертті. 

Оның басты мақсаты - жас мамандарға өз әлеуетін ашуға, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру. Сондықтан резервке алу фактісінің өзі мемлекеттік лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді. Жастар резерві жөніндегі Ұлттық комиссия тиісті бос орын болған жағдайда және үміткердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін ескере отырып, бағдарламаға қатысушыны ұсына алады. Қазіргі уақытта 150 резервші жаңа лауазымдарға ие болды. Мысалы, орталық мемлекеттік органдарда 83 адам жұмыс істейді, жергілікті атқарушы органдарға 38 резервші, басқа құрылымдарда 29 адам жұмысқа орналастырылды. Жақын арада президенттік жастар кадрлық резервіне қатысушылармен жаңа оқыту бағдарламалары іске қосылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы