Бас жаңалықтар
Жастардың мүддесі алдыңғы қатарға қойылады – Арыстанбек Қайырбек
22 Қазан 2020, 19:01 193

Жастардың мүддесі алдыңғы қатарға қойылады – Арыстанбек Қайырбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арыстанбек Қайырбек бүгінгі отырысқа қатысты пікір білдірді. 

Табиғатта адамзат үш топқа бөлінеді: жас, орта және кәрі буын. Осы буыннның тепе-теңдігі болмаса, қоғам шапшаң дамымай, экономикалық өсу қарқыны жоғары болмайды. Сондықтан отырыста Президенттің осы мәселеге айрықша тоқталғаны ерекше қуантады. Бүгінгі күнге дейін бізде деректер енгізілді. Бүкіл мәслихат бойынша 60 адам істеу деген ұят нәрсе, - деді ол. 

Ол атап өткендей, жастар арасында «ағашкалар экономикасы» деген түсінік бар. 

Жергілікті мәслихат бойынша кәрі буын басқарып, бюджетті бөліп, саясат жүргізіп келді. Президент кәрі буынмен қоса орта буын, жас буынды кіргізу керек деп отыр. Сонда тепе-теңдік сақталады. Басқа әлеуметтік топтардың мүддесін шектеу емес, бұрын ескерілмеген жастардың мүддесі алдыңғы қатарға қойылады деп ойлаймын. Бұл Ұлттық мүддеге сәйкес келеді, - деді Арыстанбек Қайырбек.


Фото: дереккөз
Загрузка...