Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

26 Ақпан 2021, 11:42
3063
Бөлісу:
Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысына қатысушы, техникалық әскерлердің генерал-майоры Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған мұражай экспозициясының ашылуы өтті.

Іс-шараға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев, Бас штабтың РХБ қорғаныс және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің, Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті профессорлық-оқытушылар құрамының, Қарулы Күштер ардагерлері республикалық ұйымының, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, сондай-ақ танымал генералдың туысы, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Ермек Айтәлиев қатысты.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Отырысқа қатысушылар Шәкір Жексенбаевтың қару-жарақты, РХБ қорғаныс құралдарын дамытуға, оларды ұрыстар мен әскери операцияларда қолдануға қосқан үлесін атап өтті.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Шәкір Жексенбаев 1901 жылы 28 ақпанда Астрахан губерниясы Бөкей ордасы Шоңғай ауылында дүниеге келді. Ол қазіргі Батыс Қазақстан облысы. 

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Ұлы Отан соғысы кезінде Брянск майданының химиялық қорғаныс бөлімінің бастығы кезінде жарылғыш заттардың қоспасын, өртеуге арналған ампулаларды, авиация бомбаларын дайындады. 

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Оның басшылығымен отшашар ротасының ұрыс іс-қимылы ұйымдастырылып, жарылғыш заттар қоспасын түтін бүркеуде кеңінен пайдаланды.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Соғыстан кейін Шәкір Жексенбаев КССР Қорғаныс министрлігінің химиялық басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарып, оқытушылық қызметпен айналысты. 

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Ол Ленин орденімен, төрт Қызыл Ту орденімен, екі І-ші дәрежелі Отан соғысы және  Қызыл Жұлдыз ордендерімен, сонымен қатар әр түрлі медальдармен марапатталды.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

1985 жылы ардагер «И горек дым войны» деген атпен мемуар жазды.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

 Олар осы күнге дейін тарихты зерттеушілердің, әскери мамандар мен оқырмандардың ақпарат көзіне айналды.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Кездесу соңында қатысушылар генерал Шәкір Жексенбаевтың Әскери-тарихи мұражайға қойылған құжаттарымен, фотосуреттері және жеке заттарымен танысты.

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Жауынгер генерал Шәкір Жексенбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Өзгелердің жаңалығы