Жайық өзені қатты тартылып барады – Тоқаев

22 Сәуір 2021, 15:54
2622
Бөлісу:
Жайық өзені қатты тартылып барады – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су – аймақтың орнықты дамуы үшін қажетті басты ресурстың бірі. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Су – аймақтың орнықты дамуы үшін қажетті басты ресурстың бірі.  Алайда, Жайық өзені қатты тартылып, оның экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлап барады. Бұл мәселе онсыз да ауыз суға мұқтаж болып отырған жергілікті тұрғындарды толғандырып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер де үлкен қиындықтарға тап болып жатыр. 

Біз Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау жөнінде 2024 жылға дейінгі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы туралы бағдарлама қабылдадық. Үкімет осы бағдарламада көзделген іс-шараларды уақтылы қаржыландыруы керек. Сонымен бірге, Ресей жағымен бірлесіп, жедел шаралар қабылдауы қажет, - деді Президент.  


Өзгелердің жаңалығы